
2025 жылғы 4 ақпанда ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы»
КММ білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау орталығын іске қосу және буллингке қарсы бағдарламаларды енгізу, суицидтің алдын алу бойынша өңірлік Жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыру мәселесі бойынша облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдері әдіскерлеріне семинар өткізді.
Семинарға Антипин Александр, «AIMAP» АИК (аналитикалық интернет-карта) өкілі, Танасюк Елена Петровна, «CODO» ЖШС Психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі «HR+» менеджері қатысты.
Онлайн-кездесу барысында қатысушылар AIMAP жүйесінің өмірлеріне қауіпті контенттерге тіркелген кәмелетке толмағандарды анықтау мүмкіндіктері, жүйені іске қосудың негізгі кезеңдері, профилактикалық жұмыстың маңызды қағидаттары туралы хабардар етілді.
Облыстың 121 білім беру мекемесінде «HR+» ППМАЖ енгізу, одан әрі іске асыру және 5-11 сынып оқушылары арасында буллинг фактілерін анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізу мәселесі бойынша әдіскерлерге жүйенің функционалы туралы толық ақпарат беріліп, «HR+» ППМАЖ іске қосуды қамтамасыз ету бойынша мектеп директорларына нұсқау беру туралы ұсынымдар айтылды.