Жаңалықтар

image description
image description
icon

2025 жылдың 6 ақпанында

Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығының мамандары Белсенді өзара іс-қимыл күні аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Мұхтар Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ оқушылары, ата-аналары және педагогтарына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Оқушылармен кездесу барысында қиын өмірлік жағдайдан шығу және эмоцияналдық тұрақтылықты сақтау бойынша тренингтер өткізілді, онда балалар өздерінің жағдайын яғни реніш, наразылық, алаңдаушылық сияқты ауыр сезімдерін басқару жолдарымен танысты. Ата-аналарға қиын сәттерде балаларға көмек және қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар берілді. Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау қаупінің алдын алу бойынша мектеп педагогтарына арналған семинар өткізілді. Аталмыш мектепке ынтымақтастығы үшін, оқушыларға ашықтығы мен белсенділігі үшін, педагогтар мен ата-аналарға - балалардың мәселесін шешудегі ынталығы үшін алғыс айтамыз.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап