Жаңалықтар

image description
icon

Эмоцияларды тану және басқару» атты ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өтті!

6 ақпан 2025 жылы «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Үйлесімділік» жобасы аясында ата-аналарға арналған «Эмоцияларды тану және басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға эмоцияларды дұрыс тану және басқару жолдарын үйрету, балалармен қарым-қатынасты нығайтуға көмектесу.

Шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры А.Айтбаганбетов ашып, орталықтың қызметімен таныстырып, ата-аналардың эмоционалдық интеллектіні дамытудағы рөліне тоқталды.

Г. Калиева, психолог, магистр «Эмоциялар құмырасы» тақырыбында эмоциялардың табиғаты мен олардың бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндірді.

PhD докторы, психолог Қ.Қуанжанова «Эмоциямен жұмыс жасау жолдары» тақырыбында ата-аналарға күнделікті өмірде эмоцияларын реттеудің тиімді әдістерін үйретті.

Орталық директорының орынбасары, магистр А. Тоқсанбаева «Карпман үшбұрышы: эмоциялардың тұзағы және одан шығу жолдары» атты баяндамасында ата-аналардың эмоциялық күйзелістен шығу жолдарын қарастырып, тиімді шешімдер ұсынды.

Дөңгелек үстел барысында ата-аналар практикалық жаттығулар орындап, эмоцияларды басқару әдістерін қолданып көрді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандардан нақты кеңестер алды.

Ата-аналар іс-шараның өздеріне үлкен пайда әкелгенін атап өтіп, алдағы уақытта осындай кездесулердің жиі өткізілуін қалайтындарын жеткізді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап