Жаңалықтар

image description
icon

Алматыда Эстония, Финляндия және Швеция елдеріндегі буллингтің және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды зерттеуге арналған семинар өтті

2024 жылғы 24 қаңтарда Алматыда «Эстония, Финляндия және Швециядағы буллинг және суицид мәселелерін зерттеу бойынша халықаралық тағылымдама» қорытындысы бойынша семинар өтті. Іс-шара қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу үшін педагог-психологтарды, әлеуметтік педагогтарды және білім беру сарапшыларын біріктірді. Іс-шараның негізгі мақсаттары: • Буллингке қарсы бағдарламаларды зерттеу (мысалы, KiVa бағдарламасы). • Дағдарысты ахуал жағдайларын ерте анықтау және алдын алу әдістерін талдау. • Мектептер, ата-аналар және әлеуметтік қызметкерледің өзара әрекеттесу тәжірибесін зерттеу. Семинар бағдарламасына мыналар кірді: • Буллинг пен аутодеструктивті мінез құлықтын алдын алудағы эстон, фин және швед тәжірибесі бойынша презентациялар мен тренингтер. • Буллингпен күресу және қауіпсіз мектеп ортасын құру үшін Финляндияда қолданылатын KiVa бағдарламасын талқылау. • Буллинг жағдайындағы оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жүйесін зерттеу. «Бұл семинар буллингтің алдын алудың озық тәсілдерін енгізу және оқушыларға көмек көрсетудегі маңызды қадам болып табылады. Халықаралық тәжірибе психологиялық қолдаудың сапасын жақсартуға және мектептердегі әл-ауқат деңгейін арттыруға мүмкіндік береді» 

Нәтижелер: Семинар барысында қатысушылар қазақстандық мектептердегі озық халықаралық тәжірибелерді бейімдеу бойынша ұсыныстар әзірледі. Негізгі нәтижелердің бірі KiVa буллингке қарсы бағдарламасын енгізу және дағдарысты ахуал жағдайлармен жұмыс істеуге ведомствоаралық тәсілді құру бастамасы болды. 


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап