


Лидерлік психологиясы: білім беру ұйымдарына арналған workshop
2025 жылғы 10 ақпанда «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы «Сенім. Тірек. Кеңістік» ағартушылық жобасы аясында «Лидерлік психологиясы» тақырыбында облыстық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тірек мектептердің басшыларына арналған workshop ұйымдастырды.
Шара барысында білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, ұжымдық стратегия құру және білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Workshop аясында орталық директоры А.С. Айтбаганбетов білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру жолдарына тоқталды. Орталық директорының орынбасары М.К. Жұбандықова тірек мектептердің рөлін түсіндіріп, білім алушылардың өміріндегі келеңсіз жағдайлардың алдын алу алгоритмін таныстырды. Сонымен қатар, әдістемелік бөлімнің меңгерушісі М.Т. Жасжанова білім алушылардың мінез-құлық ерекшеліктері мен кездесетін қиындықтарын талдап, практикалық көмек көрсету әдістерін ұсынды. Әдіскер С.Б. Байдуашова педагогикалық ұжымға арналған тиімді кеңес жүргізу әдістерімен бөлісті.
Workshop соңында «Оқу орындарында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру», «Психологиялық денсаулықты нығайту стратегиялары», «Білім алушылардың эмоционалдық әл-ауқатын жақсарту» тақырыптары талқыланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.