
Қостанай облысындағы бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы
2025 жылғы 14 ақпанда 18-30 Қостанай облысының білім беру ұйымдарында мектептердің 5-11 сынып оқушыларының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-4 курс оқушыларының ата-аналары үшін кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтеді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты-жасөспірімдерге суицид, буллинг және кәмелетке толмағандарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау мәселелерінде ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету.
Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық және суицид тақырыбының өзектілігін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ПҚжТЖОӘО мамандары ата-аналар жиналысына әдістемелік сүйемелдеу әзірледі: ұсынымдар, теориялық бөлім, практикалық бөлім, бейнероликтер, буклеттер, парақшалар, брошюралар.
Жиналыста ата-аналар аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің негізгі себептері мен белгілерін қарастырады, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылайды және баланы өсудің барлық кезеңдерінде қалай қолдау керектігі, өміршеңдік пен стресске төзімділікті қалай қалыптастыру керектігі туралы ұсыныстар алады. Ата-аналарға отбасылық тәрбие, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, буллинг және тұрмыстық зорлық-зомбылық аспектілері бойынша жадынамалар, парақшалар ұсынылады.
Бұл мәселелердің барлығы балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін отбасы мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл жүйесі арқылы қарастырылады.