
🔰БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН АПРОБАЦИЯЛАУ ЖАЛҒАСУДА
ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 01 наурыздан бастап «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасын апробациялау жүзеге асырылады.
🔻Бағдарлама орта білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында зорлық-зомбылықты алдын алуға бағытталған. Оның тәжірибелік апробациясына еліміздің 9 өңірінен 50 мектеп қатысуда.
🔻Бағдарламаны іске асыруға 5500-ден астам педагог пен 70 мың оқушы тартылды.
✔Бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес пилоттық ұйымдарда әкімшілік қызметкерлер мен педагогтер оқытылып, мектептердегі психологиялық ахуалға диагностика жүргізілді және буллингке қарсы командалар құрылды.
«Бағдарлама аясында буллингтің алдын алуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілді: техникалық персоналды оқыту, педагогтер үшін семинарлар мен тренингтер, ата-аналармен кездесулер. Ең ауқымды іс-шаралар 6152 мектеп пен 2,1 миллион оқушыны қамтыған «ДосболLIKE - достық қолын соз» республикалық акциясы, сондай-ақ республика бойынша 750 мың оқушы қатысқан «Менің мектебім буллингке қарсы» республикалық флешмобы болды.
Осы бастама аясында оқушылар арасында өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 16 мың іс-шара өткізілді. Бағдарламаның іс-шаралары тәжірибе жүзінде балалар мен педагогтердің буллингтің алдын алудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі, - деп атап өтті «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ президентінің м.а. атқарушы Елена Сакенова.
✅Педагогтер мен ата-аналарға арналған семинарлар мен шеберлік сыныптары, балалардың өздері іске асыратын әлеуметтік жобалар олардың білім беру ортасындағы буллингтің алдын алу процесіне қатысуын арттырып қана қоймай, білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады.
✅Айта кету керек, 2025 жылы «Өркен» БӘАҰҒПИ бағдарламаны жүзеге асыру ауқымын кеңейтіп, буллинг мониторингі мен диагностикасының жаңа тәсілдерін енгізуді, педагогтер мен мектеп психологтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.