Жаңалықтар

image description
icon

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҚИЫН БОЛСА, ЖАЙ ҒАНА ҚОҢЫРАУ ШАЛҚ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ НАУҚАН ӨТУДЕ

Қостанай облысының білім беру ұйымдарында 17-21 ақпан аралығында «Қиын болса , жай ғана қоңырау шал» атты облыстық ақпараттық-түсіндіру науқаны өтуде. Бұл науқан жылына екі рет – ақпан және қыркүйек айларында өткізіледі.

Науқанның мақсаты – кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын Өңірлік психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс орталығының (ӨПҚжТЖО) қызметі, жұмыс кестесі және білім беру үдерісіне қатысушыларға көрсетілетін психологиялық көмек туралы хабардар ету.

Науқанды өткізу алгоритмі келесідей: оқушылар мен мұғалімдерге ӨПҚжТЖО-ның байланыс нөмірлері жазылған парақшалар мен визиткалар таратылады. Әр оқушының қағаз күнделігіне визиткалар жапсырылады. Сондай-ақ, барлық мектептер мен колледждердің ақпараттық стендтеріне түрлі-түсті материалдар ілінеді.

Бұдан бөлек, психологиялық қолдау орталығының жұмысы туралы ақпарат WhatsApp-тағы барлық оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар чаттарына таратылады.

Көп жағдайда білім беру ұйымдары науқан аясында конференциялар, дөңгелек үстелдер, викториналар ұйымдастырып, аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін көтеріп, оларды болдырмау жолдарын талқылайды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап