
«Мен қолымнан келді, сенің де қолыңнан келеді!» – Қостанай облысы жас таланттардың жұлдызын жағуда!
Қостанай облысының психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы жөніндегі өңірлік орталығы жаңа медиа-жобаны іске қосады. Бұл жоба жақында өткен «Сторителлинг» байқауының әрбір жүлдегері туралы баяндайды және олардың бейнероликтері орталықтың ресми ресурстарына орналастырылады.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 24 ақпаннан 15 сәуірге дейін. Бұл күндері ол қиындықтарды жеңіп, маңызды жетістіктерге жеткен жастардың оң тәжірибесін насихаттайтын алаңға айналады. Қатысушылар өз видеоларында мақсатқа ұмтылу, еңбекқорлық және өмірлік мәселелерді шығармашылықпен шешу туралы айтып береді.
Сонымен қатар, бейнеролик авторларының тұлғасын, олардың мотивациясын және тәлімгерлермен жұмыс тәжірибесін ашатын қосымша материалдар жарияланады.
Бұл идеяның басты мақсаты – табыс тек таңдаулыларға ғана емес, қажырлы еңбек пен өзіне деген сенімнің нәтижесі екенін көрсету. Әр жасөспірім өз арманына жетуге қабілетті екенін түсінуі керек.
Жобадан, жастардың өзін-өзі дамытуға және мақсаттарға жетуге деген мотивациясын арттырады, Қостанай облысы жастарының оң имиджін нығайтады, жетістікке бағытталған жастар қауымдастығын қалыптастырады, «Сторителлинг» байқауының танымалдылығын арттырып, жаңа қатысушыларды тартады деп күтіледі.