
Қостанай облысындағы педагогтарға арналған курстар
Қостанай облысында 10-21 ақпан аралығында "ӨРКЕН" балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты жобалық кеңсеге қатысушылардың 10 пилоттық мектебінің педагогтары үшін "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға психологиялық көмектің нысандары мен әдістері" білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Курстар білім алушылардың әл-ауқаты мен дамуына ықпал ететін қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыру мақсатында өткізілді. Оқыту шеңберінде облыстың 105 педагогы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын буллингтің (қудалаудың) алдын алу бойынша 40 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарында және 24 сағаттық семинарларда оқыды. Курстардың міндеттеріне білім алушылардың эмоционалдық жай-күйін диагностикалау әдістеріне оқыту; дағдарыс жағдайындағы балалармен және жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас әдістерін игеру және білім беру ортасындағы жанжалдарды шешу; буллинг пен кибербуллингтің алдын алудың заманауи тәсілдерін зерделеу, сондай-ақ психологиялық проблемаларды ерте анықтау және алдын алу дағдыларын дамыту, балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістеріне оқыту. Оқыту дәрістер, практикалық сабақтар, тренингтер, кейстерді талдау және топтық пікірталастарды қамтитын интерактивті түрде өтті.