Жаңалықтар

image description
image description
icon

Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты

«Психологиялық қолдау орталықтарын іске қосу және антибуллингтік бағдарламаларды енгізу» Жобалық кеңсесін іске асыру аясында «ДосболLIKE» бағдарламасы – білім беру ұйымындағы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жүйесі» тақырыбында 3 күндік семинар өткізді.  Семинар 2025 жылғы 24-26 ақпан аралығында Қостанай облысының педагог-психологтары, педагогтері, білім беру ұйымдарының медициналық қызметкерлері және психологиялық қолдау орталықтарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты«ДосболLIKE» бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оны оқушылар арасындағы буллингтің (жәбірлеудің) алдын алудың тиімді құралы ретінде қолдану.

Үш күн ішінде қатысушылар «ДосболLIKE» бағдарламасының негізгі аспектілерімен танысты. Олардың ішінде: қауіпсіз білім беру ортасын құру, буллингтің алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық реттеу, антибуллингтік командалардың және мектептік медиацияның рөлі қарастырылды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында диагностика және мониторинг жүргізу, оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту әдістері, ата-аналар және мектеп қызметкерлерімен тиімді жұмыс жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар тренингтік жаттығулар, диагностикалық әдістермен жұмыс, жоба әзірлеу және буллингтің алдын алу мақсатында цифрлық құралдарды пайдалану бойынша дағдыларын жетілдірді.

Семинар қатысушылардың тестілеуден сәтті өтуімен аяқталды, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, бұл олардың білім беру ұйымдарында буллингтің (жәбірлеудің) алдын алу саласындағы құзыреттілігін растайды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап