




2025 жылғы 27 ақпан күні, “JAN AHUAL”
психологиялық қолдау орталығында “Үйлесімділік” жобасы аясында «Отбасылық орта мен құқық бұзушылық: жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына ата-ананың әсері» тақырыбында қала мектептерінің ер әкелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры А.Айтбаганбетов алғы сөз алып, орталықтың қызметіне тоқталып, толық ақпарат берді.
Шара қонақтары “Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Б.Әбдішүкірқызы және Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының әкелер кеңесінің төрағасы Ж.Қазыгелдіұлы құнды ойларымен бөлісті.
«Әкемен ер жеткен баланың қарым-қатынасындағы психологиялық аспектілері» тақырыбында«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы, директордың орынбасары А.Тоқсанбаева Әке мен баланың өзара қарым-қатынасының психологиялық қырлары және баланың өміріндегі рөлі мен эмоционалды дамуының маңыздылығына тоқталды. Шара соңында әдістемелік бөлім әдіскері М.Телағысова «Әкеге алғыс айтамын...» атты қатысушы балалардың әкелеріне жазған ыстық лебіздерін әдемі әуенмен жеткізіп, керемет әсерге бөледі. Әкелер өз пікірлерімен бөлісіп, рахмет айтты.