Жаңалықтар

image description
icon

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ: ЖАС ПСИХОЛОГ МЕКТЕБІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ

 Жас педагог-психолог мектебі қатысушыларын курстан кейінгі қолдау мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті. Оған Қостанай облысы әкімдігі ББ Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығының (ПҚмТЖӨОӘО) жобасы шеңберінде оқыту курсынан өткен 60 жас психолог қатысты.

Іс-шара тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және білім беру саласындағы өзекті психологиялық мәселелерді талқылау алаңы болды.

Жас мамандар буллингтің теориялық негіздерін (агрессия психологиясы, буллингтің даму кезеңдері мен қатысушылардың рөлдері) және тәжірибелік құралдарын (топтық жұмыс әдістері, рөлдік ойындар мен медиация стратегиялары) ұсынды. Буллингтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Семинар-практикум аяқталғаннан кейін жас мамандар ұсынылған материалдардың тәжірибелік маңыздылығын және оларды бірден жұмыс барысында қолдану мүмкіндігін атап өтті. Олар жобаның өзін де, жалпы ПҚмТЖӨОӘО жас педагог-психологтарға қолдау көрсету жөніндегі барлық жұмысын жоғары бағалады.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап