Жаңалықтар

image description
image description
icon

26 және 27 ақпан күндері пилоттық мектептердің директорларына арналған

«Жобалық кеңсе аясында мектеп директорларының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында екі күндік оқыту тренингі өтті. Тренинг «CODO» ЖШС провайдерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренинг спикерлері: Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ директорының м.а. Индира Таваккул-кызы Тагиева, сондай-ақ «CODO» ЖШС тренерлері – Сұлтан Диана Нұржанқызы және Кажисова Ақмарал Жасталапқызы.

Тренинг тренерлерді оқыту мақсатында ұйымдастырылды және ол психологиялық қолдау орталықтарын іске қосу мен білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламаларын енгізу бойынша Жобалық кеңсе аясында жүзеге асырылды.

Тренингке осы жобаға қатысатын он пилоттық мектептің директорлары, сондай-ақ Жобалық кеңсе жұмысына жетекшілік ететін Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ мамандары қатысты. 

Тренингтің мақсаты: мектеп қауымдастығының білім беру ортасын жетілдіру және Жобалық кеңсеге қатысатын мектеп директорларының кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Екі күн бойы біз теория мен тәжірибеге терең үңіліп, бағдарламаның негізгі аспектілерін зерттедік. Қатысушылар нақты жағдайларды белсенді түрде талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Негізгі назар практикалық жаттығулар мен дағдыларды бекітуге бағытталды. Рөлдік ойындар мен топтық талқылаулар әр қатысушыға өз үлесін қосып, бірегей идеяларымен бөлісуге мүмкіндік берді. Қолдаушы және шабыттандырушы психологиялық ахуал орнады. Қатысушылар өздерін жайлы сезініп, еркін пікір алмасып, ойларымен бөлісті.

Тренинг соңында қатысушылар тренерлерге алғыстарын білдіріп, көптеген пайдалы ақпарат пен жұмыс құралдарын алғандарын айтып,осындай тренингтер біліктілікті арттыруда, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап