Жаңалықтар

image description
icon

🏫 «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде іске қосылады

✔ 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде балалардың эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала өкілдері мәлімдеді.

📁 Қазіргі уақытта бағдарлама еліміздің 9 өңірінде пилоттық режимде сыналуда. Оған 70 мыңға жуық оқушы мен 5 мыңнан астам педагог қатысуда.

«Бұл бастама оқушылардың дау-жанжалдарға конструктивті түрде жауап беру дағдыларын қалыптастыруға, әлеуметтік-эмоционалдық қабілеттерін дамытуға, тұлғааралық және топаралық қарым-қатынастарды оңтайландыруға, сондай-ақ балалардың жалпы психологиялық әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін және толыққанды дамитын ортада білім алуына жағдай жасау – аса маңызды қадам», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

🔹 Бағдарлама пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатқан өңірлерде барлық қатысушыларға арналған оқыту курстары мен практикалық шаралар ұйымдастырылуда. Олар буллингтің алдын алу, қақтығыс жағдайларының себептері мен факторларын анықтау, сондай-ақ оларды шешу жолдарын түсіндіруге бағытталған.

❗Сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған іс-шаралар өткізу көзделген, онда «ДОСБОЛLiKe» бағдарламасының мақсаты мен іске асыру әдістері түсіндіріледі.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап