
🔰АЛМАТЫДА «ДосболLIKE»БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНАДЫ
2025 жылғы 23 сәуірде «Пилоттық мектептерде «ДосболLIKE» бағдарламасын сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін талдау»республикалық семинары өтеді.
Ұйымдастырушысы - «Өркен»БӘАҰҒПИ» КеАҚ.
🎯Семинардың мақсаты – буллингтің алдын алуға, қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға және оқушылар арасындағы тұрақты достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған «ДосболLIKE»бағдарламасының іске асырылу барысын талқылау.
🔻Қатысушылар: директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтері, әдіскерлер, өңірлік үйлестірушілер және ғылыми қызметкерлер.
🔻Өтетін орны: Алматы қ., Байкенов к-сі, 44.
🔻Уақыты: 9:30 (тіркеу).
❓Семинар аясында:
* өңірлерде бағдарламаны іске асырудың үздік тәжірибелерінің презентациясы;
* іске асыру мәселелерін және оларды жеңу жолдарын талқылау;
* Жамбыл, Атырау, Түркістан, Абай, Жетісу және басқа да облыстардың білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен педагогикалық іздеу зертханаларының қызметімен танысу.
✔Жобалық қызметті талдауға, оқушылар мен педагогтердің сауалнамасының нәтижелеріне, сондай-ақ «Жеңу: өміршеңдік сабақтары» бейне әңгімелер байқауының қорытындыларына ерекше назар аударылады.
✅Семинар OPEN SPACE сессиясы, қорытындылау, ұсынымдарды талқылаумен және «Семинардан іс – әрекетке» рефлексиясымен аяқталады.