




🔰«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Алматыда «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ ұйымдастырған республикалық семинар өтті, онда «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды.
✔Іс-шараға директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтері мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген әдіскерлер қатысты.
🎯Кездесудің басты мақсаты – пилоттық мектептерде буллингтің алдын алуға, қауіпсіз және қолдау атмосферасын құруға, сондай-ақ оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған бағдарлама қалай жүзеге асырылатынын талқылау.
✔Семинар қатысушылары үздік тәжірибелерімен бөлісті, оқушылардың сауалнамасы мен жобалық қызметінің нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ «Жеңу: өміршеңдік сабақтары» бейнеәңгімелер байқауының қорытындысын шығарды.
💭«Буллинг – бұл жай ғана мектеп мәселесі емес, бұл балалардың сенім, қолдау мен түсіністіктің жоқтығы туралы дабылы. «ДосболLIKE» бағдарламасы оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды бірлесіп жұмыс істеуге тарту арқылы осындай көріністерді анықтауға және тоқтатуға көмектеседі. Біз әрбір бала өзін қауіпсіз сезінетін және оның жалғыз емес екенін білетін ортаны құрамыз», - деп атап өтті өз сөзінде «Өркен» БӘАҰҒПИ президентінің м.а. Елена Николаевна Сакенова.
✔Естеріңізге сала кетейік, «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында буллинг жағдайларын болдырмауға бағытталған. Оны тәжірибелік сынақтан өткізуге еліміздің 9 өңірінен 50 мектеп қатысуда.