Жаңалықтар

image description
image description
icon

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР КӨКШЕТАУДАҒЫ БІРІНШІ ӨҢІРЛІК ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Жақында Көкшетау қаласында өткен форумға еліміздегі тұңғыш – Қостанай Өңірлік психологиялық қолдау және тәрбие жұмысының оқу-әдістемелік орталығының (ПҚжТЖӨОӘО) басшысы мен мамандары қатысты. Ол білім берудегі психологиялық қызметті дамыту мәселелеріне арналды. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген психологиялық қызметтердің жетекші мамандары қатысты.

Форум тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ білім беру жүйесінде психологиялық көмекті дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін бірегей алаңға айналды. 

ПҚжТЖөОӘО жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD) "Психология" бағытында Елена Петренко психологиялық қызмет жұмысында басқарудың ғылыми практикасы бойынша форсайс-сессияда сөз сөйлеп, "Эмоционалды интеллект білім беру ұйымдарында жайлы психологиялық орта мен қауіпсіз кеңістік құру құралы ретінде" тақырыбында баяндама ұсынды.    

Сессия жұмысынан кейін пленарлық отырыс өтті, онда Ақмола облысының психологиялық қолдау орталығының басшысы Г. К. Капанова орталықтың өткен жылғы қызметінің қорытындылары туралы айтты. Ақмола облысының психиатриялық денсаулық орталығы мен педагог-психологтар қауымдастығының басшылары да қызықты және мазмұнды ақпаратпен бөлісті. 

Отырыс қорытындысы білім беру ортасында психологиялық көмектің тиімді жүйесін құру үшін түрлі бағыттағы мамандардың бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын растады.

Форум соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Әдіскерлер мен психологтар жоғары кәсібилігі, психологиялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі және іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.

Көкшетаудағы өңірлік форум білім беруді психологиялық қолдау саласындағы мамандардың кәсіби қоғамдастығын дамытудағы маңызды кезең болды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап