Жаңалықтар

image description
icon

«ӨРКЕН» БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ» КеАҚ-нда БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МАМАНДАРҒА СУПЕРВИЗИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

23, 26 және 28 мамырда жан жарақатына бағдарланған тәсілдеме бойынша оқытылған институт қызметкерлері балалармен жұмыс істейтін мамандарға, соның ішінде қақтығыс аймақтарынан оралғандарға супервизиялық қолдау көрсетеді.

Супервизия интерактивті форматта өтеді және топтарды жүргізу, қатысушылардың өзара әрекеттесу динамикасы мен құрылымы, әртүрлі жастағы балаларды бір тренинг шеңберінде біріктіру, сондай-ақ бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістері сияқты негізгі тақырыптар талданады.

Тренинг шынымен жұмыс істейтінін және қатысушылардың эмоционалды жағдайына оң әсер ететінін қалай түсінуге болады деген сұрақтың жауабына ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, балаларға өз эмоцияларын жақсырақ білуге және оларды қауіпсіз білдіруге көмектесетін әдістер талқыланады; ата-аналарға бастан кешкен жарақаттың балаға әсері туралы білім беру мәселелері көтеріледі; балалардың психологиялық тұрақтылығын нығайту және қолдау ортасын құру бойынша практикалық ұсынымдар жасалады.

Бастама мамандарды балалардың осал санаттарымен жұмыс істеуде қолдауға және білім беру мен психологиялық сүйемелдеуде жан жарақатына бағдарланған тәсілдеме элементтерін практикаға енгізуге бағытталған.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап