Жаңалықтар

image description
image description
icon

ҚОСТАНАЙЛЫҚ МАМАНДАР АСТАНАДА ӨТКЕН II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Жақында елордамызда «Балалардың қабілеттерін диагностикадан өткізу және дамытудағы заманауи технологиялар: тәжірибе, мәселелер және болашағы» атты II Халықаралық психологиялық форум өтті. Бұл маңызды кәсіби шараны «El Umiti» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Қостанай облысынан барған делегация үшін форум қатысушыларының географиясы мен құрамы ерекше әсер қалдырды: Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жетекші психологтар, ППҚ орталықтарының директорлары, сондай-ақ Италия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореядан келген қабілет пен талант саласындағы зерттеуші мамандар бас қосты.

Форум Астана халықаралық қаржы орталығында өтті, шараның ауқымы мен ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде болды. Алайда біз үшін ең маңыздысы – форум басталар алдындағы әріптестермен, достармен, пікірлес мамандармен кездесіп, еркін әңгімелесу мүмкіндігі болды.

Форумның негізгі мақсаттарының бірі – балалардың талантын дамытуға бағытталған білім беру ұйымдарының жұмысына заманауи ақпараттық және психологиялық технологияларды енгізу, сондай-ақ бар мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру болды. Бұл тақырыптар форумның бірінші күнінде өткен спикерлердің баяндамалары мен секциялық жұмыстарда кеңінен талқыланды. Ал екінші күні түрлі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары өтті.

Қостанай облыстық Психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс жөніндегі өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Елена Петренко жасөспірімдер арасындағы буллинг және суицид тақырыбына арналған шеберлік сабағына қатысып, өз орталықтарының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

– Халықаралық деңгейдегі форумға қатысу – кәсіби тәжірибені кеңейтуге тамаша мүмкіндік! Бұл жай ғана ресми шара емес, білім мен тәжірибе алмасу, ортақ шешім іздеу, ең бастысы – шын жүректен әріптестермен пікір алмасатын шабыт беретін алаң болды. Осындай маңызды кәсіби іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, – деп атап өтті Елена Петренко.



Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап