Жаңалықтар

image description
icon

🔰«АЯЛА» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІ

Бүгін, 9 маусымда «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 60-тан астам бала қатысқан балалар шығармашылығының жарқын және эмоционалды фестивалі өтті.

🎯Іс-шараның мақсаты – шығармашылықты дамыту, балаларда эмоционалды тұрақтылық пен жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Фестиваль аясында қатысушылар үшін сабақтар ұйымдастырылды.

🎨 Арт-терапия: балалар өздерінің эмоцияларынтүстер, бояулар және сурет арқылы бейнелеп, жарықтың, жылулық пен қуаныштың жекебелгілерін жасады.

💃 Шарлармен жасалатын би әрекеттері залды түрлі музыка ырғағына, күлкі мен позитивті көңіл-күйге бөледі.

🎭 Аквагрим: әр бала өзінің қиялын, эмоциясын және ішкі күйін ашып, сүйікті кейіпкеріне немесесиқырлы бейнеге айналды.

💭«Әр бала өзінше ерекше және талантты. Бүгінгі фестиваль – бұл жай ғана мереке емес, онда балалар өздерін сенімді және қажет сезінетін кеңістік», - деп атап өтті Орталық қызметкерлері.

✔Фестиваль қолдау, ізгі ниет және шынайы қуаныш атмосферасында өтті. Мұндай оқиғалар ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін өте маңызды, себебі олардың ішкі әлеуетін ашуға, сенімділік сезімін арттыруға және жалғыз емес екенін сезінуге көмектеседі.

✔Іс-шара форматы шығармашылық балалардың жас ерекшеліктеріне және жеке ерекшеліктеріне қарамастан, оларды біріктірудің, қолдаудың және дамытудың қуатты құралы екенін көрсетті.

 

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап