





ЕЛІМІЗДЕ МЕКТЕП ОРТАСЫНДА БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ТРЕНИНГТЕР ӨТКІЗІЛДІ
Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және оқушылар арасында буллингтің алдын алу мақсатында еліміздің барлық облысында балаларға арналған «Буллинг: оны қалай тануға, жауап беруге және қорғануға болады» тақырыбында тренингтер ұйымдастырылды.
Тренингтер психологтер мен психологиялық қолдау орталықтарының мамандарының қатысуымен офлайн форматта өткізілді. «Өркен» БӘАҰҒПИ әзірлеген тренинг бағдарламасы буллинг проблемасының негізгі аспектілерін және ұсынылатын мінез-құлық стратегияларын көрнекі түрде бейнелейтін арнайы жасалған презентациялар мен бейнематериалдарды қамтыды.
«Біздің басты мақсатымыз —қиын әлеуметтік жағдайларда әрекет ету үшін балаларға қажетті білім мен құралдар беру. Буллингті қалай тануға және оған тиімді жауап беруге болатынын түсіну арқылы оқушылар өздерін қорғап қана қоймай, мейірімді мектеп қауымдастығын құруға өз үлестерін қоса алады», - деп атап өтті ПҚО мамандары.
Тренинг барысында тақырыпты барынша ашуға мүмкіндік беретін әдістер белсенді қолданылды: қатысушылар топтарда жұмыс істеді, нақты кейстерді талдады, пікірталастарға қатысты, өз пікірлері және тәжірибелерімен бөлісті. Әртүрлі жаттығулар мен интерактивті элементтер әркім өзін қауіпсіз сезінетін және тиімді мінез-құлық стратегияларын таба алатын сенімді атмосфераны құруға көмектесті. Барлық кезең ұсынылған әдістемеге сәйкес мұқият жоспарланып, жүзеге асырылды, бұл жоғары тиімділік пен мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Тренинг сабақтарының қорытындысы бойынша оқушылар «буллинг» терминін терең түсініп, оның мәні мен себептері, сондай-ақ оның уақтылы алдын алудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, қатысушылар сенім телефондарының нөмірлерімен және көмек қажет екенін білдіретін қимылдармен қайта таныстырылды.