


Костанай облысындағы Психологиялық қолдау орталығының директоры Елена Петренкоға «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табысталды
Қостанай облысының ПҚмТЖӨОӘО директоры Елена Петренкоға ведомстволық марапатты тапсыру салтанаты еліміздегі ПҚО жетекшілерінің ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесуі аясында өтті.
– Бұл – жоғары марапат және мен оны терең алғыс пен жауапкершілік сезімімен қабылдаймын, – деп әсерімен бөлісті Елена Петренко. – Министрмен әңгімеміз өте жылы, мазмұнды және нәтижелі болды. Біз психологиялық қызметтің дамуы, оның жаңа бағыттары мен әрбір бала, педагог, ата-ана үшін қолдаудың маңызын талқыладық. Ғани Бектайұлының біздің Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығының жұмысына ерекше назар аударғаны мені терең толқытты. Министр біздің тәжірибеміз еліміздің басқа аймақтарында осындай орталықтар ашуға негіз болғанын атап өтті. Әсіресе, маңыздысы – бұл біздің, Қазақстанның жүрегінде туған, отандық тәжірибеміз! Ғани Бектайұлына тұрақты қолдауы мен шабыт беріп, біздің миссиямыздың маңыздылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын!
Костанай облысындағы Психологиялық қолдау орталығы 2019 жылы елімізде бірінші болып ашылып, бес жыл бойы осы бағыттағы жалғыз орталық болды! Осы уақыт аралығында орталық мамандары Елена Петренконың жетекшілігімен ауқымды әрі кешенді жұмыстар атқарды, бұл өз кезегінде еліміздің басқа аймақтарында осындай орталықтардың ашылуына негіз болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтырдан бастап елімізде Психологиялық қолдау орталықтары ашыла бастады. Бұл бастама балалар, ата-аналар мен педагогтердің психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған және кәсіби көмек көрсету жүйесін аймақтарда қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. ПҚО осы уақыт ішінде 240 мыңнан астам оқушы мен олардың отбасыларына кешенді көмек көрсетті!
– Министрліктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде біздің облысымызда мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендеді. Бұл – біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді, – деп атап өтті Елена Петренко.