Жаңалықтар

image description
icon

Сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру стратегиялары және өз балаңды тыңдай білудің маңыздылығы туралы

Әр жылдың маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда атап өтілетін Әкелер күні қарсаңында Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы « КММ мамандары «Абай жастары» жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, жас әкелерге арналған «Мен — тыңдайтын және түсінетін әкемін» атты тренинг өткізді.

💭Қазіргі заманда әке болу — жай ғана «қамтамасыз ету» мен «бағыт көрсету» емес. Бұл — диалог, сенім, эмоционалды жақындық пен баланың өміріне шынайы түрде қатысу.

✨Тренинг барысында қатысушылар өз балалық шағын еске алудан бастап, ата-ана ретіндегі стратегияларын саралау жолдарын өтті. Баланың көзімен әлемді көре білуді үйренді.

🧘Медитативтік практикалар, сурет салу және метафоралық карталармен жұмыс арқылы олар тек балаларын ғана емес, өздерін де тыңдауды үйренді.

📌Тәрбие стратегияларының айнымас бөлігі - белсенді тыңдау мен эмпатиядан бастап, отбасы ішіндегі салт-дәстүрлерді қалыптастыру мен шекара қоюды махаббатпен әрі құрметпен жүзеге асыруға дейінгі тәсілдер туралы айтылды.

❤️Ерекше назар сенім мен эмоционалды жақындық тақырыбына аударылды.

Әке болудың басты миссиясы — әрдайым қасында болып, түсіне білу, тыңдау және күн сайын баласына қолдау көрсету.

🙏Балаларына жылу, күш-қуат пен даналық сыйлай білетін барлық әкелерге алғысымыз шексіз.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап