Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

«Жасыл ел» қатысушыларына арналған алғашқы жазғы тренинг сәтті өтті!

Бүгін психологтар тобы «Жақсылық жаса – жүрекке жылу сыйла!» жазғы акциясы аясында еңбек жасақтарының жас сарбаздары үшін алғашқы іс-шарасын өткізді.

Жылы қарым-қатынас пен сенімге толы ортада жастар:

– бірлесе жұмыс істеуді үйренді,

– сыйластық пен құрметке негізделген қарым-қатынас жайында пікір алмасты,

– жақсылық жасау мен жеке жауапкершілік туралы ой өрбітті,

– буллингтің алдын алу жолдарын талқылап, оның белгілерін тануды меңгерді.

Шат күлкі, шынайы эмоциялар, маңызды түсініктер мен жүрекке жылы сөздер – жазғы алғашқы тренинг осындай әсермен өтті!

«Жасыл ел» жобасының үйлестірушілеріне сенім мен серіктестік үшін алғысымызды білдіреміз!

Алда – жаңа кездесулер, тың әсерлер мен ортақ жаңалықтарға толы күндер!

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап