Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

Жарқын жаз — бақытты бала» атты ведомствоаралық науқан Абай облысында жалғасуда.

2025 жылғы маусым–тамыз аралығында Абай облысында «Жарқын жаз — бақытты бала» атты кешенді ведомствоаралық профилактикалық науқан жүзеге асырылуда.

Акцияның мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдерді ерте анықтау және оларды сүйемелдеу жүйесін тиімді қалыптастыру, балалар мен жастардың позитивті ойлауын, төзімділігін және әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын дамыту.

Бүгінгі таңда науқанның іс-шаралары облыстың бес ауданында, соның ішінде балалар лагерьлерінде, "Жасыл ел" жастар еңбек бастамасының бригадаларында, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларда, профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға өткізілді.

Жұмыс тікелей өзара іс — қимыл форматында-тренингтер, интерактивті кездесулер, топтық жаттығулар және жеке кеңес  берулер  арқылы жүргізіледі.  Психологтар, медицина мамандары және ювеналды полиция қызметкерлері бірыңғай команда шеңберінде жасөспірімдердің сана-сезімін арттыруға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын дамытуға, ішкі тұрақтылықты нығайтуға және қиын жағдайда көмек сұрай білуге бағытталған профилактикалық және ағартушылық жұмыс жүргізеді.

Жасөспірімдермен жеке шекаралар, сенім, эмоционалды өзін-өзі реттеу, ұжымдағы қарым-қатынас және өзін-өзі күту сияқты маңызды тақырыптар талқыланады.

Ата-аналар мен заңды өкілдерге консультациялық қолдау көрсетіледі, балалармен қарым-қатынас және дағдарыс жағдайларының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Науқан аясында осал жағдайдағы балалар мен отбасыларды қолдауға ерекше назар аударылады. Барлық қарым-қатынас пен көмек құрмет, құпиялылық және мұқият көзқарас қағидаттарына негізделген. Науқан жаздың соңына дейін жалғасады және облыстың барлық аудандарын қамтиды.

Оның басты құндылығы — әр балаға, оның өмірлік жағдайына қарамастан, қамқорлық жасау және оның айналасында қауіпсіз, қолдау көрсететін ортаны қалыптастыруға ұмтылу.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап