🔰АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНЕ ТҮЗЕТУ ЕНГІЗУГЕ ДАЙЫН – АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҮРГІЗГЕН САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында өткен сабақтарға қатысқан ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталғандай, олардың 51,7%-ы жылдық бағдарламаға қатысқаннан кейін отбасындағы тәрбие жүйесіне өзгерістер енгізуге дайын екендіктерін білдірген.
📌Ата-аналардың белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
🔻72,6% – балаларымен күнделікті түрлі тақырыпта әңгімелеседі;
🔻28,6% – баласымен бірге қосымша ақпарат көздерін іздейді;
🔻43,3% – бірлескен мәдени іс-шараларға қатысады;
🔻78% – баласының араласатын ортасымен жақсы таныс;
🔻89,6% – күрделі жағдайларда баласына бірінші болып көмекке келеді.
Бұл деректер ата-аналардың саналы көзқарасын және оң өзгерістерге дайындығын көрсетеді. Аталған нәтижелерге «Тұлғалық үлгі арқылы тәрбиелеу» және «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің міндеті» тақырыптарында кәсіби лекторлар өткізген сабақтар айтарлықтай ықпал еткен.
«Ата-аналар баланың өміріне белсенді араласқан кезде тек отбасылық атмосфера емес, сондай-ақ балалық шақты қолдау мен сенім кеңістігі ретінде қабылдау да өзгереді», – деп атап өтті БӘҰҒПИ «Өркен» президенті Елена Сакенова.
❗Айта кетейік, қазіргі таңда 2025–2026 оқу жылына арналған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары бағдарламасының 3.0 жаңартылған нұсқасы әзірлену үстінде.