Жаңалықтар

image description
icon

ТРЕНЕРЛІК КУРСТАР ӨТКІЗІЛУДЕ

Тренерлік құрамның біліктілігін арттыру және кәсіби тұрғыда өсу мақсатында тәрбие жұмысының өзекті бағыттары бойынша тренерлік курстар басталды.

Бағдарлама үш негізгі блокты қамтиды:

📘«Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» (40 сағ). Бұл курс буллингтің алдын алуға жүйелі көзқарасты қалыптастыруға, қауіпсіз білім беру ортасын құрудың әдістемелік құралдары мен практикалық тетіктерін меңгеруге бағытталған.

📘«Орта білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» (40 сағ). Бұл оқыту бағдарламасы жасөспірімдердің деструктивті идеологияларға төзімділігін дамытуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға арналған.

📘«Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» (40 сағ). Курс тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерін ерте анықтау тәсілдерін ашады, балалар мен отбасыларға кеңес беру және қолдау көрсету әдістерін үйретеді.

📌Курстарға қатысу тренерлерге мектептерде және басқа да білім беру мекемелерінде тиімді профилактикалық жұмыс жүргізу үшін қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап