Жаңалықтар

image description
image description
icon

БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Ойыл қазақ орта мектебінде «Сенім. Тірек. Кеңістік» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Оған білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке жауапты әдіскерлер, мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері және ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында орталық директорының орынбасары Арайлым Тоқсанбаева ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Семинар аясында келесі өзекті тақырыптар қамтылды:

«Үлкендердің бірлігі баланы сақтайды» — орталық психологы Гүлжан Рахимова

«Мобильді топ ережесі», «Бала қажеттілігінің дамуы және ата-ана рөлі» — әдіскер Сәндігүл Байдуашова

«Қазіргі оқушының психологиялық денсаулығы» — бөлім меңгерушісі Медеухан Жасжанова.

Семинарда психологиялық тұрақтылықты одан әрі арттырып, сенімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, бала мен жасөспірімдерге психоэмоционалдық қолдау көрсету жолдары кеңінен талқыланып, қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап