Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

🔰«ҚАУІПСІЗДІК 24/7» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТРЕНЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

Алматыда екі күндік «Қауіпсіздік 24/7» бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту басталды.

Бұл бастама «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жұмыс жоспары аясында іске асырылуда.

🔻«Қауіпсіздік 24/7» бағдарламасы ата-аналардың, педагогтердің және мамандардың балалардың офлайн, сондай-ақ онлайн кеңістікте кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

🔻Екі күн ішінде қатысушылар келесі негізгі бағыттар бойынша оқытылады:

Зорлық-зомбылыққа ден қою: ата-аналар мен психологтердің рөлі;

Әкелерді бала тәрбиесі мен қолдауына тарту;

Цифрлық ортада балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Гендерлік сезімталдықты ескеретін тәсіл элементтерін тәрбиеге біріктіру;

Қолданыстағы бағдарламаларға SWOT-талдау жүргізу;

Бағдарламалардың сапасын мониторингін және бағалауды ұйымдастыру.

✅Іс-шараның арнайы қонағы, психология ғылымдарының кандидаты, Аманжолов атындағы университеттің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Ирина Константиновна Мацкевич балалар және отбасы психологиясы саласындағы көпжылдық тәжірибесімен және әдістемелік тәсілдерімен бөлісті.

«Қауіпсіздік 24/7» бағдарламасы – бұл біздің балалар үшін неғұрлым тұрақты және қолдау көрсететін орта құруға қосқан үлесіміз. Тренерлерді оқыту – балалық шақты қорғауға қатысты заманауи тәсілдерді таратудағы маңызды қадам деп санаймыз. 

❗Осы бастама арқылы біз отбасында, мектепте және қоғамда қауіпсіздікті жүйелі түрде түсінуді қалыптастырамыз», – деп атап өтті «Өркен» БӘАҰҒПИ президенті Елена Николаевна Сакенова.

Оқыту мамандардың біліктілігін арттыруға және балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқаты саласында жұмыс істейтін кәсіби қоғамдастықты дамытуға ықпал етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап