🔰ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ БОЙЫНША ҚОСЫМША САБАҚТАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған «Заң және тәртіп» жобасы әзірленді. Аталған жоба аясында 2025–2026 оқу жылында Талғар ауданының 10 мектебі мен 3 колледжінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар пилоттық режимде жүзеге асырылады.
🔻Бүгін «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институтында пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын тәлімгерлер мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған оқыту басталды.
🔻Бағдарлама оқушылар арасындағы девиантты мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алуға бағытталған. Сабақтарды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы бекіткен құқық қорғау органдарының ардагер қызметкерлері – тәлімгерлері жүргізетін болады. Олар құқықтық сананы дамытуға бағытталған қосымша сабақтар өткізіп, сонымен қатар тәуекел тобындағы жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізеді.
«Жоба бағдарламасына білім беру ұйымдарындағы эмоционалдық ахуалды диагностикалау, оқушылардың мінез-құлқын бақылау, тәлімгерлердің мектептер мен колледждер басшылығымен өзара іс-қимылы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу кіреді», — деп атап өтті тренинг ұйымдастырушылары.
✅Жоба аясында «Өркен» институтында тәлімгерлерге арналған практикалық бағыттағы тренинг өтіп жатыр. Дайындық бағдарламасы жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді, сабақ өткізу әдістемесін және балалармен, жастармен тиімді өзара әрекеттесу құралдарын қамтиды.
✅Апробация қорытындысы бойынша жоба республика бойынша кеңінен таратылады деп жоспарлануда.