Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынас
Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде.
Осы орайда, ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру, педагогикалық қолдау көрсету және отбасы құндылықтарын дамыту мақсатында Жезқазған қаласының білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» құрылуы туралы мектеп ұжымымен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы жанынан құрылған «Даналық мектебі» өз жұмысын бастады. «Даналық мектебі» аясында «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» сынды тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамытуға бағытталған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының қызметі Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған нұсқаулық бойынша жүзеге асырылуда.
#біртұтас_тәрбие #атааналардыпедагогикалық қолдау #центрыпедагогическойподдержки #ұлытау_тәрбие