Жаңалықтар

image description
image description
icon

🔰Қазақстанда «Қауіпсіздік 24/7» бағдарламасы бойынша мамандар даярлануда

11–12 тамыз күндері «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілдігі бірлесіп, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлерге, психологиялық қолдау орталықтарының (ПҚО) мамандарына және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары (АПҚО) жұмыс топтарының мүшелеріне арналған оқыту іс-шарасын өткізеді.

🔻Екі күндік «Қауіпсіздік 24/7» тренингі еліміздің 20 өңірінен келген білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Бағдарлама аясында ПҚО-ның жаңа модулі, зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою, әкелерді бала тәрбиесіне араласуға шақыру, гендерлік теңдікті ескеретін тәрбие тәсілдері, сондай-ақ тақырыптарды интеграциялау әдістемелері мен бағдарламалар сапасын мониторингтен өткізу мәселелері қарастырылады.

🔻Бұл бастама 2025 жылға арналған Ынтымақтастық жөніндегі жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылып, Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын нығайту жүйесін күшейтуге бағытталған.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап