🔰АСТАНАДА БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ҚОЛДАУШЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Республикалық тамыз конференциясы аясында №101 орта мектепте «Оқушыларға қолдау көрсететін қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру: балалар игілігінің негізгі аспектілері» тақырыбында панельдік секциясы өтті.
🔻Секция ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры және «El Umiti» корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
🔻Іс-шара білім беру және әлеуметтік саладағы негізгі қатысушыларды біріктірді: психологиялық қолдау орталықтарының басшыларын, балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия хатшыларын, білім беру саласындағы сарапшыларды, психологтер және т.б.
📌Іс-шараның басты мақсаты – әрбір бала өзін қауіпсіз, құрметті және ұжымның бір бөлігі екенін сезінетіндей, мектептерді қауіпсіз орынға айналдыруға көмектесетін кешенді шараларды әзірлеу.
«Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың тиімділігін арттыру тек үйлесімді салааларық өзара іс-қимыл арқылы мүмкін болады. Мектеп, отбасы, мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық серіктестер күш біріктірген кезде біз тек сын-қатерлерге жедел әрекет етіп қана қоймай, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамытуға және әрбір баланың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу мүмкіндігіне ие боламыз», — деп атап өтті деді секцияны ұйымдастырушылар.
✅ Бұл кездесу қатысушыларға балалардың жан-жақты әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған қолайлы жағдайларды қалыптастыру бойынша табысты тәжірибелермен бөлісуге, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді құралдарын талқылауға, халықаралық тәсілдерді Қазақстанның білім беру жүйесіне кіріктіру жолдарын қарастыруға, сондай-ақ мектептерге әлеуметтік-эмоционалдық ахуалды нығайту, әрбір баланы қолдау және психологиялық әл-ауқатты арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.