🔰 Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған оқыту семинары
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ «Психологиялық қолдау орталықтарын іске қосу және буллингке қарсы бағдарламаларды енгізу» жобалық кеңсесі аясында «ДосболLIKE» бағдарламасы — білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жүйесі» тақырыбындағы 3 күндік семинарлар топтамасының өткізілетінін хабарлайды.
2025 жылғы 19–21 тамыз аралығында Петропавл қаласындағы № 9 мектептің педагог-психологтарына, мұғалімдеріне және медициналық қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізіледі.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 18–22 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне, педагог-психологтарына және медициналық қызметкерлеріне арналған семинарлар топтамасы ұйымдастырылады.
🎯 Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында оқушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу тетігі ретінде «ДосболLIKE» бағдарламасына жүйелі көзқарас қалыптастыру және қауіпсіз оқу ортасын құру.