Жаңалықтар

image description
icon

«ӨРКЕН» ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШАДЫ: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «ДОСБОЛLIKE» БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ!

Республикалық тамыз кеңесі аясында ҚР Оқу - ағарту  Министрлігі жанындағы «Өркен» балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты панельдік секциясында «ДосболLIKE»  атты ауқымды бағдарламасын – бүкіл елдегі мектептерде буллингпен күресудің және жағымды атмосфера құрудың нақты құралы ұсынды!

  Бағдарлама идеясы 2024 жылдың басында оқу орындарындағы әлеуметтік-эмоционалдық ахуалды жақсартуға бағытталған республикалық акция ретінде басталды.

  Өткен оқу жылында республиканың 50 мектебінде сәтті сыналған пилоттық бағдарлама білім беру және тәрбие процесіне негізгі идеяларды енгізудің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеді.

  «Өркен» БӘААҰҒПИ  жетекші ғылыми қызметкері Мұхтаров Аманғали Хамидоллаевич: «ДосболLIKE»  бағдарламасы бойынша жобалық қызметті жүзеге асыру кезінде оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту балаларға өз әл-ауқатын жақсарту үшін нақты құралдар береді», - деп атап өтті.

  – 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «ДосболLIKE»  бағдарламасы Қазақстанның, атап айтқанда, Қостанай өңірінің барлық мектептерін, гимназиялары мен колледждерін қамтиды! - Қостанай облысы әкімдігі ББ психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысы орталығының директоры Елена Петренко айтып берді. -Бұл әр бала өзін қауіпсіз және сенімді сезініп, өсіп, дами алатын шынымен қауіпсіз және қолдау ортасын құруға жасалған үлкен қадам. «ДосболLIKE»   бағдарламасы тәрбиешілер, ата-аналар және, әрине, оқушылардың өздері үшін әр бала өз әлеуетін ашып, өзін бақытты сезінетін қауіпсіз және қолдау ортасын құруда сенімді көмекші болатынына сенімдімін!

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап