Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

«Орта білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алудың «ДосболLIKE» бағдарламасын ендіру аясында балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған психологиялық қолдау орталықтарының қызметкерлері мен педагогтерге арналған тренингі

2025 жылдың 2–5 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық 17 облысы мен 3 қаласында «Орта білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алудың «ДосболLIKE» бағдарламасын ендіру аясында балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған психологиялық қолдау орталықтарының қызметкерлері мен педагогтерге арналған тренингілік-семинарлар өткізілуде.

Семинарға әр өңірден психологиялық қолдау көрсету орталықтарының қызметкерлері, басшылары, педагогтер мен педагог-психологтер қатысуда.

Семинардың мақсаты – орта білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуға бағытталған тиімді стратегияларды меңгеру арқылы балалардың қауіпсіз және қолайлы психоэмоционалды ортасын қалыптастыру. Сонымен қатар, педагогтер мен ата-аналардың әрекет ету алгоритмдерін нақтылап, мектептегі психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру.

Семинар барысында келесі бағыттар қамтылды:

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен міндеттері

Әкімшілік басқару және қолдау әрекеттері

Диагностикалық кезеңдер және нәтижелерді талдау

Педагогтер мен ата-аналардың өзара әрекеттесу алгоритмдері

Психологиялық қызметтің жұмыс формалары мен әдістері

Семинар педагогикалық қауымдастық үшін тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге арналған тиімді алаң ретінде ұйымдастырылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап