КИБЕРКЕҢІСТІКТЕГІ СЕНІМ МЕН САҚТЫҚ
Цифрлық кеңістіктегі сенім мен сақтық — бүгінгі күннің басты талабы. Киберқауіпсіздік тек техникалық қорғаныс емес, ол психологиялық тұрақтылық пен саналы әрекетке негізделген мәдениет. Осы өзекті тақырыпты тереңірек талдау мақсатында біз IT саласының маманы, Middle Backend developer Нұрзат Болатұлымен сұхбаттастық. Сұхбат барысында сарапшы қазіргі ең жиі кездесетін кибершабуыл түрлерін (фишинг, DDoS, зиянды бағдарламалар) техникалық тұрғыдан түсіндіріп, олармен күресудің тиімді жолдарын атап өтті. Сонымен қатар, ол кибербуллингтің механизмін ашып, балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-ана мен мұғалімге арналған нақты ұсыныстарын бөлісті. Қазақстандағы киберқауіпсіздік саласының даму қарқыны, заңнамалық және инфрақұрылымдық өзгерістер туралы пікірлер де сұхбатта қамтылды.
Баланың интернеттегі әрекетін бақылау ғана емес, оған сенім арту, дұрыс бағыт беру және цифрлық ортада өзін-өзі қорғауға үйрету – ең бастысы. Цифрлық қауіпсіздік – тек техникалық мәселе емес, ол тәрбиелік, мәдени және психологиялық деңгейде қалыптасатын дағды. Сондықтан бұл бағытта жүйелі, кешенді жұмыс қажет.
Әр әрекет — қорғаныс немесе қауіп. Саналы қолдану — қауіпсіз болашақ кепілі.
Толық ақпаратты «Инабат» журналының ресми басылымынан оқи аласыздар https://orken-instituty.kz/ru/journal
Дайындаған: С. Е. Нурахметова,
редактор,
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру
ұлттық ғылыми-практикалық институты,
Алматы қ.