ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫ
Ақтөбе облысы білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әдіскерлері кезекті шығармашылық отырыста бас қосты.
Шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Арайлым Тоқсанбаева осы оқу жылындағы алғашқы отырыста қаралатын мәселеге тоқталып, сергіту жаттығуларын әдіскер Таңшолпан Жаңаберген жүргізді.
Қатысушылар «2025-2026 оқу жылында психологтың жұмысындағы психологиялық диагностикалардың тиімді түрлері» тақырыбын талқылады.
Бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Өркен» БҒПИ ұсынған «Диагностикалық әдістемелер жинағы» бойынша таныстырылым жасады.
Әдістемелер жасөспірімдер мен жастар арасындағы:
өз-өзіне зиян келтіру
тәуекелді әрекеттер
суицидтік ойлар мен әрекеттер
агрессия мен аутоагрессияның алдын алуға бағытталған.
Психологтар жинақтан бірнеше тиімді диагностикалық құралдарды таңдап, тәжірибеде қолдануға шешім қабылдады.
Шара кәсіби тәжірибе алмасуға және жаңа әдістемелерді меңгеруге арналған нәтижелі алаң болды.
Қатысушылар тәжірибелерін жетілдіріп, әдістемені облыс көлемінде кеңінен қолдануға дайын екендіктерін білдірді.