Жаңалықтар

image description
icon

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБ: «МЕНІҢ МЕКТЕБІМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ»: БАЛАЛАР БІР ДАУЫСПЕН ҮН ҚАТТЫ

Қазақстанның барлық өңірлерінде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты республикалық флешмоб өтті. Бұл шара бір апта бұрын ұйымдастырылған «Менің сыныбым буллингке қарсы» челленджінің жалғасы әрі қорытындысы болды.

Флешмобтың мақсаты — балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыру, буллингтің алдын алу, сондай-ақ достық пен өзара құрмет құндылықтарын насихаттау.

«Бүгінгі флешмобқа барлық өңірлерден оқушылар бар уақытта қатысып жатыр. Олар бір дауыспен сөйлеп, мектепте буллингке орын жоқ екенін көрсетті. Мұндай бастамалар балалардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, оқу ұжымдарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға да ықпал етеді», — дейді Алматы қаласы 36 мектеп-гимназия педагог-психологі Нұргүл Нұрдаулетқызы. 

Флешмоб аясында  оқушылар ән айтып, би билеп, бейнероликтер түсіріп, плакаттар дайындады. Әр мектеп шығармашылық форматта буллингке қарсы үндеуін білдірді.

Бұл бастама балалардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, сондай-ақ құрмет пен ізеттілікті мектеп мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде орнықтыруға бағытталған.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап