2025 жылғы 19 қыркүйекте Абай облысының орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың ашылуында алғысөзбен Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Х. Нускенова бастап, білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызына тоқталды. Және де Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының директоры И.Т. Тагиева сенімге негізделген мектеп-қауіпсіз орта мен табысты білім берудің кепілі екенін атап өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың заманауи тәсілдері мен нормативтік негіздерін таныстыру, мектеп ұжымдарында сенімге, өзара сыйластыққа және қолдауға негізделген тиімді басқару мәдениетін дамытуға ықпал ету.
Семинар барысында «ДосболLIKE» бағдарламасының жаңа оқу жылында жүзеге асырылуы, мектептегі психологиялық қауіпсіздік пен дағдарыс жағдайларында директордың жүйелі әрекет ету жүйесін құруы тақырыптары қарастырылды.
Іс-шара аясында Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ директоры А.А.Қанапьянова және Жарма ауданы білім бөлімінің «Георгиевка орта мектебі» КММ директоры Н.М. Садықова өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп басшысының сенім ахуалын қалыптастырудағы және психологиялық қауіпсіздік кеңістігін құрудағы маңызды рөлін атап өтті.
Іс-шараға 100-ден аса мектеп директоры қатысып, білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Мемлекет басшысы атап өткендей, мектеп – әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін орны болуы тиіс. Психологиялық қауіпсіздік – мектептің стратегиялық ресурсы, ал оның бағыт-бағдарын айқындайтын – мектеп басшысы.