Жаңалықтар

image description
icon

КЕЙСТЕРДІ ТАЛДАУ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

Онлайн форматта институт қызметкерлері мен Психологиялық қолдау орталықтарының мамандарының қатысуымен кейстерді талдау бойынша кездесу өтті. Мұндай іс-шаралар апта сайын өткізіліп, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Онлайн-кездесу барысында тәжірибеден алынған нақты жағдайлар қарастырылып, оларды шешу тәсілдері талданды, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті көріністердің алдын алу және оларға әрекет ету бойынша ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмдері әзірленді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша мамандарға арналған ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмдері қалыптастырылады:

•    дағдарыс жағдайларында әрекет ету бойынша;

•    балалар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті көріністердің алдын алу бойынша;

•    мектеп, ата-аналар және оқушылар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту бойынша.

Мұндай тәжірибе мамандарға тәжірибе алмасуға, күрделі жағдайларды шешуге бірыңғай көзқарас қалыптастыруға және Психологиялық қолдау орталықтарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап