📢 АНОНС
Балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бойынша оқушылар жобаларының
«Біз біргеміз!» Республикалық фестивалі
📅 25 қыркүйек – 17 қазан 2025 жыл
📍 Барлық орта білім беру ұйымдары
🔹 Фестивальдің мақсаты – оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларын қолдау.
🔹 Фестивальге қатысушылар – 7–11 сынып оқушылары (жеке немесе 6 адамға дейінгі топпен). Әр мектеп бірнеше жоба ұсына алады.
🔹 Қатысу үшін 2025 жылғы 13 қазанға дейін келесі материалдар ұсынылуы қажет:
- Фестивальге қатысушының өтінімі (1-қосымшаны қараңыз);
- жоба паспорты;
- жобаны іске асыру нәтижелері бойынша бейнеролик.
Фестивальге қатысу үшін қажетті материалдар (өтінім, жоба паспорты, бейнеролик) келесі электрондық пошта мекенжайына жіберіледі:
NIOOrken@orken-instituty-edu.kz