Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

Абай облысы Аягөз ауданында педагог-психологтарға арналған семинар-практикум өтті

Жоспарға сәйкес Аягөз ауданында Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ «Білім беру ұйымдарында педагог-психолог қызметін жоспарлау және іске асыру жүйесі» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Іс-шараға ауданның білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 45 педагог-психолог қатысты.

Семинардың мақсаты: білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың кәсіби қызметін тиімді жоспарлау мен іске асыру жүйесін қалыптастыру, қатысушылардың тәжірибе алмасу арқылы практикалық дағдыларын жетілдіру.

Семинар барысында қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің нормативтік-құқықтық құжаттамалары қамтамасыз етілуі жөнінде ақпарат беріліп, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған құжаттаманы жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Бұл материалдар мамандардың жұмысын оңтайландыруға және білім беру мен психология саласындағы барлық нормативтік талаптарды сақтауға қажетті негіз болып табылады.

Семинардың маңызды сәттерінің бірі - Аягөз ауданының тәжірибелі педагог-психологтарының тәжірибе алмасуы.

Талқылау барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастырып, әдістемелік қолдау, қосымша ұсынымдар ұсынып, құжаттамамен жұмыс істеу мен білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің ерекшеліктерін түсіндірді.

Қатысушылар педагог-психологтардың білім беру мекемелеріндегі жұмысын жетілдірудің заманауи тәсілдерін талқылап, олардың қызмет сапасын одан әрі арттыруға бағытталған нақты қадамдар әзірледі.

Семинар-практикум педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ауданның білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудың инновациялық әдістерін енгізуге ықпал етеді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап