Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Түркістанда жаңа оқу жылы қарсаңында педагог-психологтарға арналған облыстық тамыз кеңесі ұйымдастырылды. Биылғы кеңес «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында өтті. Жиынның мақсаты – білім беру саласында психологиялық қызметтің рөлін арттыру, оқушылардың тұлғалық дамуы мен кәсіби бағдарын жетілдіру жолдарын қарастыру, сондай-ақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін нығайту.

Кеңес жұмысына Түркістан облысы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Динара Егамбердиева, облыстың әр өңірінен келген педагог-психологтар, білім басқармасының өкілдері мен сала мамандары қатысты. Басқосу барысында білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар, оқушылардың құндылықтарға негізделген тәрбиесі, заманауи психологиялық қолдау әдістері жан-жақты талқыланды.

«Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс. Зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек. Облысымыздағы барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды. Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «ДосболLIKE» атты бағдарлама іске қосылады. Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу», – деді «Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Шайхықызы.

Мінберде баяндама жасаған «Reframe» тұлғалық дамыту орталығының директоры Гүлжан Вероцкая, №28 жалпы орта мектебінің директоры Ләззат Нысункулова, Төлеби аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсел Калиярқызы қоғамға адалдық пен жауапкершілікті бойына сіңірген жас ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мектеп психологтарының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар берілді.

Секциялық жұмыс кезінде орталық қызметкерлері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мектеп пен балабақшалардың педагог-психологтарына кеңес беріп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Кеңес соңында қатысушылар білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы оқу жылына арналған ортақ міндеттерді айқындады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап