СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
Темір ауданы мамандарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің педагог-психологтеріне арналған семинар-практикум өтті. Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізуге және жұмысты жетілдіруге бағытталды. Семинардың модераторы – орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева.
Орталық директорының міндетін уақытша атқарушы Меруерт Жұбандықова білім беру саласында үздік тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында:
• «Балауса» бөбекжай-балабақшасының педагог-психологі Гүлзат Жұмабаева тиімді әдіс-тәсілдері мен шығармашылық ізденістерімен бөлісті.
• Шұбарши орта мектебінің педагог-психологі Гүлзина Сәрсенбаева оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістемелерді таныстырды.
Білім үздіксіз ізденіс пен жаңашылдықты қажет етеді. Бұл семинар педагог-психологтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және жаңа идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді.