Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

АЛМАТЫДА БІЛІМ МӘДЕНИЕТІН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

25 қыркүйек 2025 жылы Алматы қаласындағы «Туран» университетінде ЮНЕСКО қолдауымен «Закон Осириса: көне қазақ тілі және адамзаттың мәдени мұрасы» тақырыбында VIII Халықаралық конференция өтті.

Конференция аясында Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Я знаю!..» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Автор өз еңбегінде қазақ тілінің ежелгі египет мәдениетімен, жер өңдеу философиясымен және грамматикалық дәлдікпен байланысын ғылыми тұрғыда негіздеді.

Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдерден келген ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Олар түркі және әлемдік өркениеттердің сабақтастығы, қазақ тілінің шумер және ежелгі египет жазбаларымен ұқсастығы туралы тың деректермен бөлісті.

Конференцияға «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институтының республикалық «Инабат» журналының бас редакторы Сағыныш Ерболатқызы да қатысты.

Бұл тұжырым гуманитарлық білім салаларын – тарих, эстетика, лингвистика, этнология мен өнертануды – өзара байланыстыра отырып, жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына жол ашады.

Ана тілге деген сүйіспеншілік, мәдени мұраға құрмет, тарихи сабақтастықты түсіну – келешек ұрпақтың рухани дамуына, ойлау қабілетінің кеңеюіне және жаһандық көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл – болашақ ұрпақтың дүниетанымын байытатын рухани бағдар.


Толығырақ – келесі «Инабат» https://orken-instituty.kz/kz/journal/journals журналының жаңа санында!

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап