«СЕНІМ. ҮМІТ. ҚОЛДАУ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГІ
Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан «JasVision» жобасы аясында бүгін «JumysTap» модульдік пунктінде Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова мен психолог Гүлсая Мүсілімқызы жастарға арналған «Сенім. Үміт. Қолдау» атты психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты — жастар арасында психологиялық қолдаудан қорықпау мәдениетін қалыптастыру, өз сезімдерімен еркін жұмыс істеу дағдыларын дамыту және қажет болған жағдайда көмек сұраудан ұялмауға баулу.
Іс-шара жастардың психологиялық саулығын нығайтуға, өз-өзіне деген сенімді арттыруға және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталды.