АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ 9300-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық балалардың хал-ахуалы институтының ұйымдастыруымен оқу жылының басынан бастап ата-аналарды педагогикалық қолдаудың өңірлік орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша 30-ға жуық вебинар өткізді.
Вебинарлардың мақсаты – жобаның тұрақты негізде іске асырылуын қамтамасыз ету және педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.
Вебинарларға республиканың түкпір-түкпірінен 9300-ден астам педагог қатысты.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасының іске асырылуы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-қоғамдық және тәрбиелік құзыреттілікті арттыру үшін, сондай-ақ отбасы институтын, бала-ата-ана қатынастарын жақсарту және нығайту, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту мақсатында ата-аналардың жалпы мәдениетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайтынын ерекше атап өту қажет.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін қосымша 10 вебинар өткізу жоспарланған.