Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Білім беру саласының қатысушыларының психикалық денсаулығын қолдау: психологтер, әлеуметтік қызметкерлер және менторлардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында білім алушыларды жан-жақты қолдау жүйесін дамыту және мамандардың кәсіби өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды.

Университет түлегі, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Медеухан Жасжанова қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға арналған заманауи тәсілдерді таныстырды.

Университеттің денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі Анна Гниденко университет психологтері әзірлеген күрделі жағдайларды шешу алгоритмімен бөлісті.

Шара соңында қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұсынылып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Мұндай кездесулер білім беру үдерісіне қатысушыларының психикалық саулығын қолдауға бағытталған тұрақты жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап